Артоксан (20 мг, УОРЛД МЕДИЦИН ИЛАЧ САН. ВЕ ТИДЖ. А.Ш.)

МНН: Теноксикам
Производитель: "Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Tenoxicam
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023065
Информация о регистрации в РК: 27.06.2017 - 27.06.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Артоксан

Халықаралық патенттелмеген атауы

Теноксикам

Дәрілік түрі

Ректальді суппозиторийлер

Құрамы

1 суппозийторийдің құрамында

белсенді зат - 20 мг теноксикам,

қосымша зат – витепсол S55.

Сипаттамасы

Әлсіз иісі бар сары түсті біртекті торпеда пішінді суппозийторийлер.

Фармакотерапиялық тобы

Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Оксикамдар. Теноксикам.

АТX коды М01АС02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ректальді енгізген кезде биожетімділігі 80% құрайды. Қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына 2 сағаттан кейін жетеді. 2 мг/л және 4 мг/л тең қан плазмасындағы емдік концентрациясына тиісінше 20 мг және 40 мг теноксикамның дозасын бір рет қабылдағаннан кейін жетеді. Қан плазмасындағы тұрақты концентрациясына – шамамен 11 мг/л - 20 мг дозадағы теноксикамды күнделікті қабылдағаннан кейін 10-12 күн ішінде жетеді.

Таралу көлемі 0,15 л/кг құрайды, жартылай шығарылу кезеңі – 60-75 сағат.

Теноксикам синовиальді сұйықтыққа оңай өтеді. Белсенді емес метаболиттердің түзілуімен бауырда трансформацияға ұшырайды. Оның бірі (5-гидроксипиридил) несеппен, қалғандары глюкуронды конъюгаттар түрінде – өтпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Артоксан - күшті қабынуға қарсы, ауыруды басатын және қалыпты ыстықты түсіретін әсері бар тиімді қабынуға қарсы стероидты емес препарат (ҚҚСП). Препараттың қасиеттеріне циклооксигеназа ферментінің екі изоформасының да тежелуі түрткі болады, бұл арахидон қышқылы метаболизмінің бұзылуына және простагландиндер синтезінің блокадасына алып келеді.

Қабынуға қарсы әсеріне капиллярлардың өткізгіштігінің азаюы (экссудацияны шектейді), лизосомалық жарғақшалардың тұрақтануы (тіндердің зақымдануын тудыратын лизосомалар ферменттерінің шығуына кедергі келтіреді), қабыну медиаторлары синтезінің бәсеңдеуі немесе белсенділігінің жойылуы (простагландиндер, гистамин, брадикинин, лимфокиндер, комплемент факторларының) түрткі болады. Қабыну ошағындағы бос радикалдар санын азайтады, хемотаксис пен фагоцитозды бәсеңдетеді. Қабынудың пролиферациялық сатысын тежейді, тіндердің қабынудан кейінгі склероздалуын төмендетеді. Хондропротекторлық әсер етеді.

Препарат қабыну ошағындағы ауыруға сезімталдықты төмендетеді, десенсибилизациялаушы әсері бар (ұзақ уақыт қолданғанда). Ревматизм аурулары кезінде тыныштық күйдегі және қимыл-қозғалыс кезіндегі буындардағы ауыруды әлсіретеді, таңертеңгі құрысу мен буындардың ісінуін азайтады, буындар функциясын жақсартады және қимыл-қозғалыс көлемін арттырады.

Қолданылуы

Ауыру синдромымен қатар жүретін тірек-қимыл аппаратының қабыну-дегенерациялық аурулары:

- подагра кезінде буын синдромы, ревматоидты артрит, остеоартроз, шорбуынданатын спондилит, остеохондроз, буын ревматизмі (тендиниттер, бурситтер, миозиттер)

- омыртқа бағанының ауыруы, невралгия, миалгия, ишиалгия

- альгодисменорея.

Қолдану тәсілі және дозалары

Артоксанды ректальді қолданады.

Препаратты 20 мг дозада 1 рет тәуліктің сол бір уақытында тағайындайды.

Жедел подагралық артритте тәулігіне 1 рет 40 мг-ден 2 күн бойы, содан кейін – 20 мг-ден тәулігіне 1 рет 5 күн бойы тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

- диспепсия (жүрек айнуы, құсу, қыжыл, диарея, метеоризм), іштің ауыруы және жағымсыз сезімдер, стоматит, анорексия; ұзақ уақыт бойы жоғары дозада қолданған кезде – АІЖ эрозиялық – ойық-жаралы зақымдануы

- бас ауыруы, бас айналуы, депрессия, жоғары қозу

- есекжем, қышыну, эритема, Стивенс-Джонсон және Лайелл синдромдары

- бүйрек функциясының бұзылуы, плазмада креатинин, мочевина азоты, билирубин концентрациясының және бауыр трансаминазалары белсенділігінің артуы, қан кету уақытының ұзаруы, жергілікті тітіркену болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне, ацетилсалицил қышқылына немесе басқа ҚҚСП жоғары сезімталдық

  • асқазан-ішек жолының (АІЖ) эрозиялық-ойық жаралы зақымдануы;

  • асқазан-ішектен қан кету

  • ағымы ауыр гастрит

  • бауыр және бүйрек функциясының айқын бұзылулары

  • артериялық гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі, ісінулер

  • жүктілік, лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер.

Дәрілермен өзара әрекеттесулері

Артоксанды салицилаттар тобының препараттарымен, сондай-ақ қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен және кортикостероидтармен бір уақытта тағайындамайды.

Артоксан бірге қолданған кезде тікелей емес антикоагулянттардың және сульфонилмочевинаның туындыларының әсерін күшейтеді.

Пробенецид теноксикамның шығарылуын жылдамдатады.

Теноксикам бір уақытта қолданған кезде қан плазмасындағы жүрек гликозидтерінің деңгейін бірталай төмендетеді.

Артоксанды диурездік дәрілермен, сондай-ақ әлеуетті нефроуытты препараттармен бір уақытта қабылдамаған жөн.

Артоксанды серотониндік рецепторлардың антагонистерін және антиагреганттық дәрілерді қабылдайтын пациенттерге тағайындамаған жөн.

Теноксикам метотрексаттың және литийдің плазмалық концентраттарын арттырады.

Теноксикамды хинолиндік антибиотиктермен бірге қолданған кезде құрысудың даму қаупі артатыны байқалған.

Айрықша нұсқаулар

Артоксанды 65 жастан асқан пациенттерге, сондай-ақ ауырлығы жеңіл және орташа деңгейдегі бүйрек және бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерге сақтықпен тағайындайды.

Артоксанды жоспарлы операциялық араласулар (жоспарланбаған операциялық араласулар жүргізген кезде дәрігерге Артоксан препаратын қабылдағаны жөнінде хабарлау керек) жасалатын пациенттерге тағайындамаған жөн.

Артоксан препаратын асқазан-ішек жолының аурулары бар пациенттерге сақтықпен тағайындайды (пациенттің жағдайын бақылау керек және ульцерогендік әсер дамыған кезде Артоксан препаратын тоқтатады).

Артериялық гипертензиясы және жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге диуретиктермен тағайындаған кезде организмде натрийдің және судың іркілу мүмкіндігін ескерген жөн.

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты балаларда қолдану қауіпсіздігі анықталмаған.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды.

Теноксикам және оның метаболиттері емшек сүтіне өтеді, сондықтан препаратты емшек емізген кезеңде қолданбаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезеңінде жоғары зейінділікті және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысудан тартынған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі байқалады.

Емі: арнайы антидоты жоқ. Теноксикаммен артық дозалануға күдік болған жағдайда симптоматикалық ем ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Пішінді ұяшықты қаптамада 5 суппозиторийден.

1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

250 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«УОРЛД МЕДИЦИН ИЛАЧ САН. ВЕ ТИДЖ. А.Ш.»

Багджылар Илчеси, Гюнешли, Эврен Махаллеси,

Джами Йолу Джад. № 50 К. 1В Земин 4-5-6, Стамбул, Түркия.

Тіркеу куәлігінің иесі

«РОТАФАРМ ИЛАЧЛАРЫ ЛИМИТЕД ШИРКЕТИ», ТҮРКИЯ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілк заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР, Алматы, Түрксіб ауданы, Сүйінбай даңғылы, 222б

Тел/факс: 2529090

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«TROKA-S PHARMA» ЖШС, ҚР, Алматы қ-сы, Сүйінбай д-лы, 222 Б

Ұялы тел +7 701 786 33 98 (24 сағат бойы қолжетімді).

e-mail: pvpharma@worldmedicine.kz

Прикрепленные файлы

артоксан_каз.doc 0.06 кб
Артоксан_рус.docx 0.02 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту